Гепатит ауруыны? т?рлері

Гепатит ауруыны? т?рлері

Переезд склада в Европу.
Реализуем препараты от гепатита С в России по закупочной цене - ликвидация склада
Перейти на сайт

 

Вирустық гепатит-вирустармен шақырылып,тері,шырышты қабаттарының сарғаюымен,бауырдың зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.Қазіргі кезде вирустық гепатиттердің 5 түрі анықталған:гепатит А,В,Д,Е және С.

Вирустық гепатиттің (сары аурудың) қоздырғыштары вирустар,қоршаған ортаға төзімді,ұшпалы емес.

Эпидемиология.А және Е гепатиттерін жұқпалы ішек инфекцияларына жатқызуға болады,өйткені жұғу жолдары ас қорыту ағзалары арқылы өтеді.Көбінесе ересек балаларда кездеседі.В,Д,С гепатиттерінде қоздырғыш парентеральды жолмен тарайды:қан арқылы (қоздырғыш енген қан құйғанда,дұрыс залалсыздандырылмаған ине,шприц,скарификаторлар,басқа да кескіш құралдарды қолданғанда,тіс емдеу кезінде);тұрмыстық қатынас арқылы да тарауы мүмкін (тіс щеткасы,тырнақ алатын қайшы,ұстара,ыдыс-аяқтар арқылы);плацента арқылы (егер анасы вирус тасымалдаушы немесе ауру болса).Д гепатиті көбінесе В гепатитімен бірге қосылып өтеді,клиникасы бірдей,бірақ өте ауыр,белгілері тез дамиды,жиі өліммен аяқталады.В,Д,С гепатит түрлері көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда кездеседі,өйткені осы кезде балаға парентеральды жолмен түрлі егулер жасалады.,ауруларына байланысты қан,плазма құйылады немесе бала вирусты құрсақтағы кезеңде анасынан плацента арқылы жұқтыруы мүмкін.

Клиника.Гепатиттің барлық түрлерінің клиникалық айқындалуы бір-біріне ұқсас,4 кезеңде өтеді:жасырын,сарғаю алдындағы,сарғаю және жазылу кезеңдерінде.

1.Жасырын кезең-А және Е гепатиті түрлерінде 35-40 күнге,В,Д,С гепатиттерінде 2-6 айға дейін созылады.

2.Сарғаю алдындағы кезең 7-10күнге созылады.Алғашқыда баланың жалпы жағдайы бұзылып,тәбеті нашарлайды,лоқсып,құсады,кейде іші өтеді,әлсірейді.Кейбр балаларда ауру тыныс жолдарының вирустық ауруларындағыдай катаральды қабыну белгілерінен басталады.Аталған кезеңнің аяғына қарай зәрдің түсі қоңырланып,нәжісі ақшылданып өзгереді.Қан құрамын тексеріп көргенде билирубин мөлшері көбейіп (тікелей билирубин есебінен),зәрде өт пигменттері пайда болады.Баланың бауыры қабырға астынан қолға білініп,ұлғайғаны анықталады.

3.Сарғаю кезеңінде алдымен көздің,жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарының,кейіннен тері қабатының сарғыш түске боялуы анықталады.Осы кезде терісінің қышуы,кейде теріде геморрагиялық бөртпе пайда болуы байқалады.Бауыр көлемі бұрынғыдан ұлғая түседі,талағыда үлкеюі мүмкін.Зәрдің түсі қою сыраның түсіне ұқсап өзгеріп,нәжісі ағарып кетеді (ахолиялық нәжіс).Қан құрамында билирубин мөлшері жоғарылай түседі (нормада 20мкмоль/л дейін),ферменттердің-АЛТ (аланинаминотрансфераза) және АСТ (аспаратаминотрансфераза) белсенділігі артады.Аурудың жеңіл түрлерінде билирубин 90мкмоль/л,АЛТ 6ммоль/л дейін;орташа ауыр дәрежесінде билирубин 100-170мкмоль/л,АЛТ 6ммоль/л-ден жоғары;ауыр түрлерінде билирубин 170мкмоль/л-ден де жоғары,АЛТ және АСТ жоғарылайды.

4.Жазылу кезеңінде аталған клиникалық белгілер біртіндеп әлсіреп,лабораториялық көрсеткіштер жақсарып орнына келеді.

Вирустық гепатиттердің ауырлық дәрежесі жалпы улану деңгейіне,сарғаю дәрежесіне,биохимиялық көрсеткіштердің нәтижелеріне қарай бағаланады.Көбінесе А және Е гепатиттері жеңілдеу,В және С түрлері ауыр,ал В және Д гепатиттері қосылған жағдайда өте ауыр түрде өтеді.Осы түрінде асқынулары да –бауыр комасы,ДВС синдромы байқалады.

Кішкентай балалардағы өту ерекшеліктері-гепатиттің В түрі жиірек кездеседі,көбінесе құрсақтағы кезеңде плацента арқылы жұқтырады;сарғаю алдындағы кезең қысқарақ болады (2-3 күн);сарғаю тез дамиды,ұзағырақ сақталады;қанда билирубин мөлшері жоғарырақ болады,бауыр көтерілуі де айқынырақ білінеді;көк бауырдың ұлғаюы жиірек байқалады;асқынулары жиірек кездеседі;баланың сауығуы кешірек басталады;ауыр гепатиттерден ересек балалармен салыстырғанда өлім жиірек байқалады.

Емдеу.Науқас бала міндетті түрде стационарда емделуі керек:төсек режимі клиникалық сауыққанша сақталады;емдік диета-стол №5-көмірсуларына бай,мал өнімдерінің белоктарымен толықтырылған тағам түрлері,сүт тағамдары,кеңінен жеміс-жидектер мен көкөністер беріледі,сусын мөлшері жеткілікті болуы керек,тәулігіне 2-2,5л дейін;витаминдер табиғи көкөніс,жеміс-жидектер түрінде енгізіледі;интоксикацияның ауыр дәрежелерінде сұйықтықтар көк тамырға тамшылата егу арқылы тағайындалады-гемодез,0,9% физиологиялық ерітінді,неокомпенсан,5% глюкоза т.б. жалпы көлемі тәулігіне 1,5-2,5л дейін;қажетіне қарай қатарынан диуретиктер егіледі;жүйелі түрде асқазан мен ішектітазалап тұру (аутоинтоксикацияның алдын алу үшін) қажет;симптомдар бойынша ем:ДВС дамыса-плазма,гепарин 5-10 мың ед/ттәулігіне+курантил,трентал;геморрагиялық синдромда-викасол 1%-5мл дейін,3-4 күн бойы бұлшық етке,дицинон 2 мл тәулігіне 2-3 рет егіледі;мазасыздану байқалса,тыныштандыратын дәрілер-дроперидол,седуксен;созылмалы гепатит түрінде вирусқа қарсы интерферон-В,С гепатиттерінде 2-3млн ед/тәулігіне 3 күн бойы күн сайын,одан кейін 3 аптаға дейін күн ара егіледі;өт қуатын дәрілер (холензим,холосас,жүгерінің шашағы) және Демьянов әдісімен тюбаж жүргізіледі;гепатопротекторлар (эссенциале,легалон,карсил) тағайындалады.

«Д» бақылау-науқас бала стационардан шыққасын 10күн-1 ай аралығында емдеуші дәрігердің тексерісінен өтеді.Одан кейінгі бақылауды емхананың жұқпалы аурулар бөлмесінің дәрігері жүргізіп отырады.А гепатитінің жеңіл түрлерінде ешқандай клиникалық,лабораториялық өзгерістер байқалмаса,”Д” есептен шығарылады.В және С гепатиттерінде реконволесцент әр ай сайын тексеріліп,жағдайына қарай түрлі мерзімдерге “Д” есепке алынады.Баланың барлық шағымдары клиникалық белгілері жойылып,бауыры мен лабораториялық көрсеткіштері қалпына келгеннен кейін 3 ай өткесін барып есептен шығарылады.

Профилактика-арнайы және жалпы шаралардан тұрады.

Жалпы шараларға-науқас баланы дер кезінде оңашалау;

Қарым-қатынастағыларды бақылауға алу,35 күнге карантин тағайындау,қанын биохимиялық тексеріске алу;

ауру ошағында дезинфекция жасау;

донорлардың қанын мұқият тексерістен өткізу;

медициналық құрал-жабдықтарды талапқа сай залалсыздандырып барып қолдану;

санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру жатады.

Арнайы шарасы иммунизация жүргізу болып табылады.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінде 15.08.97ж. қабылданған №404 бұйрығына сәйкес,ол үшін арнайы дайындалған ВГВ вакцинасы қолданылады.Вакцина сүзіліп,тазартылған дайын антигендерден немесе қанында НbsAg-нің титрі жоғары адамдардың плазмасынан дайындалады.Вакцинация 3 екпеден тұрады.Жаңа туылған балаларға ВГВ егу тәртібі-0;2;4.Яғни,I-вакцинация перзентханада,туылғаннан кейінгі алғашқы 24 сағаттың ішінде,2-рет 2 айлығында,3-рет 4 айлығында жасалады.Балаға перзентханада егілмеген жағдайда вакцинация тәртібі 0;1;6.

0-бірінші екпе мерзімі,1-1ай өткесін екінші екпе,6-тағы 6ай өткесін үшінші екпе жасау мерзімін білдіреді.

Егу техникасы-кішкентайларға вакцина санның латеральды бетіне,жоғарғы бөлігіне бұлшық етке,ал ересек балаларға қолдың дельта тірізді бұлшық етіне 0,5мл дозада арнайы шприц,инелермен жасалады.

Вакцинаны басқа екпелермен бір күнде жасауға болады.Бірақ бөлек шприц пен ине арқылы және егу орны бөлек болу керек.

Вакцинаны сақтау температурасы +8 градустан аспау керек,одан жоғары температурада және қатырған кезде қасиетін жоғалтады.

 

Сабақты бекітуге арналған тесттер мен сұрақтар

 

1.Вирустық гепатиттің А және Е түрлерінде қоздырғыш парентеральды жолмен енеді (жоқ).

2.В,С,Д гепатиттері ауыр түрде өтеді (ия).

3.Сары аурудың кішкентай балаларда ауырырақ өтуін немен түсіндіресіз?

4.Вирустық гепатиттер қандай клиникалық сатыларда өтеді?

5.Вирустық гепатиттерде қанда келесі өзгерістер анықталады… (гипербилирубинемия,АЛТ,АСТ ферменттерінің жоғарылауы).

6.Вирустық гепатиттерді емдеудегі негізгі принциптерді атаңыз?

7.Аурудың алдын алу…және…болып бөлінеді (жалпы және арнайы шаралар).

8,Вирустық гепатиттердің алдын алудағы жалпы шараларға не жатады?

9.ВГВ вакцинасы неден дайындалады?

10.Кішкентай балалар мен ересектерге вакцинация жасау тәртібіндегі айырмашылық қандай?

 

39-кесте

 

Жұқпалы аурулармен ауырған бала мен қарым-қатынастағыларға

жүргізілетін шаралар

 

Ауру түрі Қарым қатынастағы балалар Науқас бала  
Туберкулез 1.Манту белгісін қою 2.Химиопрофилактика жүргізу 3.Флюорограмма жасау Фтизиатр дәрігер анықтайды  
Дифтерия 1.7 күнге карантин 2.Жұтқыншақтан жұғынды алу: Теріс нәтиже көрсеткендерге рұқсат;токсигенді емес таяқша анықталса-балалар мекемесіне рұқсат+ ЛОР ағзаларына санация жасау; Токсигенді таяқша анықталса –ауруханаға жатқызу Стационарда толық жазылғаннан кейін бак.жағынды 2 рет теріс нәтиже көрсеткенше  
Скарлатина 7 күнге карантин 10 күнге оңашалау (8жасқа толмаған балаларға +12 күн үй жағдайында бақылау)  
Мысқыл 21 күнге карантин 9 күнге оңашалау  
Менингококты инфекция 1.10 күнге карантин 2.Мұрын-жұтқыншақтан жағынды алу:теріс нәтиже көрсетсе-мектепке рұқсат;тасымалдаушыларға санация жүргізу+3 күн сульфаниламидтер тағайындау Толық клиникалық жазылғанша  
Көкжөтел 14 күнге карантин 30 күн оңашалау  
Жел шешек 21 күн карантин (мекемедегі барлық балаларға) Соңғы бөртпелер шыққаннан 5-ші күнге дейін  
Қызылша 21 күн карантин (барлық балаларға) Бөртпе шыққаннан бастап,5-ші күнге дейін  
Қызамық Карантин тағайындалмайды Бөртпе шыққаннан бастап 5күнге дейін  
Өткір жұқпалы ішек аур. 1.7 күнге карантин 2.Нәжісті бак.тексеріске алу Клиникалық жазылу және бак.тексеріс теріс нәтиже көрсеткенше  
Сары ауру 1.35 күнге карантин 2.Қанның биохимиялық тексерісін өткізу Сарғаю басталғаннан 21 күнге (немесе ауру басталғаннан 30 күнге дейін)
Полиомиелит 20 күнге карантин   21 күнге дейін

 

 


Рекомендуемые страницы:



Источник: studopedia.info


Добавить комментарий